Атырау, 23 желтоқсан 04:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Павлодарда 19 жастағы қыздар шетел азаматын өлтіріп тастады

2 015 рет қаралды


Павлодарда Германия тұрғынының мәйіті табылды,- деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, шетел азаматының денесі 13 қазан күні Павлодардағы пәтерлердің бірінен табылған. Денесінде зорлық белгілері бар. Күдікті ретінде павлодарлық 19 жастағы екі қыз ұсталды. Оның біреуі қаладағы оқу орнындарының бірінің екінші курс студенті екен.

«Қайтыс болған шетел азаматы мен ұсталған қыздардың бірінің арасында жанжал шыққаннан кейін қыз кетіп қалған. Алайда пышақ алып, құрбысымен бірге қайта келген. Қазір аталған іс бойынша «Топ болып адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді аудандық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Дереккөз: Baq.kz

17 қазан 2017, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.