Атырау, 12 қаңтар 15:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Назарбаев Қырғызстанның жаңа президентін құттықтады

1 953 рет қаралды


Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековке Қырғыз Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті жеделхатта Сооронбай Жээнбековтің басшылығымен Қырғызстан өзінің қарқынды даму жолында жаңа табыстарға жететініне сенім білдірді.

«Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынас елдеріміздің игілігі үшін одан әрі дами түседі деп сенемін.

Сізге зор денсаулық, жауапты мемлекеттік қызметіңізге табыс, ал бауырлас қырғыз халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.

Дереккөз: Аkorda.kz 

17 қазан 2017, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.