Атырау, 14 мамыр 01:25
 ашықВ Атырау +15
$ 440.92
€ 475.36
₽ 4.82

АҚШ доллары 2 теңгеге арзандады

2 008 просмотра


Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 және Т+1 теңгемен (USDKZT_TOD және USDKZT_TOM) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша (CNYKZT_TOD) таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды. 

Аталмыш қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюталық нарығының 19 мүшесі қатысты. 

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 332,61 теңгені (-1,60 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 23 200(-14 300 мың USD) мың USD құрады. 

Айта кетейік, өткен жұма күні күндізгі сессияда доллар бағамы 334,20 теңге болған еді. 

Дереккөз: ҚазАқпарат


16 қазан 2017, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.