Атырау, 23 желтоқсан 04:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сооронбай Жээнбеков Назарбаев туралы сұраққа жауап берді

2 440 рет қаралды


Қырғыз Республикасының жаңа президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Республикасымен құрмет ұстанымдарына негізделген қарым-қатынас құратынын атап өтті. Бұл туралы ол елдер арасындағы дипломатиялық келеңсіздіктер туралы сұраққа берген жауабында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі президенттік дода жеңімпазының брифингінен.

  "Әрбір мемлекет - егемен мемлекет. Олар бір-біріне құрметпен қарауы керек, сонда ғана мәселелер өздігінен шешіледі. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, біз барлығына да құрметпен қараймыз. Әсіресе көрші елдерге, қарым-қатынасымыз осылай жалғасады", - деді Сооронбай Жээнбеков.  

Tengrinews.kz тілшісінің Қазақстан лидері Нұрсұлтан Назарбаевқа деген қарым-қатынасы жайлы сұрағына Сооронбай Жээнбеков өзара құрметке негізделген қарым-қатынастың жалғасатынын мәлімдеді.  "Ол - біздің көршілес ағайынды елдің президенті. Әріптес мемлекеттерге және ел басшыларына құрметпен қараймыз және осы қарым-қатынасты жалғастырамыз", - деді Жээнбеков. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

16 қазан 2017, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.