Атырау, 23 желтоқсан 04:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

KASE: АҚШ доллары бір апта ішінде 9,45 теңгеге арзандады

2 759 рет қаралды


Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа  сараланған бағамы бір АҚШ долларына 334,20 теңгені құрады. 

Сауда-саттық көлемі - 132 500 мың АҚШ долларына жетті. - есептесуі Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен теңге бойынша мәмілелер   жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде   баға белгілеулер тіркелген жоқ; 

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 334,21 теңге (-0,04 теңге) болды, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 170 000 мың (-128 600 мың USD) болды. Сауда-саттыққа 25 банк қатысты. 

Айта кетейік, өткен жұма күні, 6 қазанда, АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 343,66 теңге болған еді. 

Дереккөз: ҚазАқпарат


13 қазан 2017, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.