Атырау, 17 мамыр 08:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Астана Қырғызстан президенті сайлауын бақылаудан бас тартты

2 697 просмотра

Константин Петров, Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары

"Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Қырғызстанда өтетін президент сайлауына бақылаушы жіберуден бас тартты" деп хабарлады ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровқа сілтеме жасаған жергілікті ақпарат агенттіктері.

13 қазанда ОСК жиынында сөйлеген Петров комиссия екі ел сайлау комиссияларының 2012 жылдың 9 тамызында қол қойған өзара түсіністік туралы келісімі бойынша, Қырғызстанда 15 қазанда өтетін президент сайлауын бақылаудан бас тартатынын айтты. Ол бұл шешімді Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясына сыртқы істер министрлігі арқылы хабарлауға ұйғарым жасады.

Жиынға қатысқан ОСК мүшесі Марат Сәрсембаев Қырғызстандағы сайлауды бақылаудан "Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстан билігін елдегі сайлауға ықпал етуге тырысып жатыр" деп айыптауына байланысты бас тартатынын айтып, әріптестерінен өзін қолдауды сұрады.

Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев қазанның 7-сі күні Бішкек маңындағы Ала-Арча мемлекеттік резиденциясында ел азаматтарына мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде Қырғызстан президенті сайлауына қатысып жатқан жекелеген кандидаттармен бірге Қазақстан билігін де сынаған болатын.

Дереккөз: Азаттық

13 қазан 2017, 13:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.