Атырау, 5 наурыз 06:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42

Ресей Қазақстанға бомбылаушы ұшақтарын жіберді

2 039 рет қаралды

Ресейлік Су-24МР барлау ұшағы. Фото: аirforce.ru

Ресей Қазақстанға бомбылаушы ұшақтарын жіберді – деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі. 

Агенттік мәліметінше, РФ әскери әуе күштері «Ажырамас бауырластық-2017» әскери оқу-жаттығу жұмыстары аясында Қазақстанға екі Ми-8 АМТШ Терминатор тікұшағын, екі шабуылдаушы ұшағын және Су-24 МР барлау ұшағын жіберген. Ресей ұшақтары оқу-жаттығу жұмыстары кезінде ҰҚШҰ (ОДКБ) әскерлеріне әуеден қолдау көрсетіп, гумантитарлық көмек тасымалдайтын болады. 

«Ажырамас бауырластық-2017» әскери оқу-жаттығу жұмыстары Қазақстан аумағында қазан айының 16-сы мен 20-сы аралығында өтеді. Оған Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь және Армения елдерінің әскерлері қатысатын болады.

Дереккөз: qazaqtimes.com 


13 қазан 2017, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.