Атырау, 23 желтоқсан 02:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақ әліпбиін құрастырушылар Назарбаевқа қазақстандықтардың "W" әрпіне қарсы екенін айтты

2 853 рет қаралды


Жаңа латын әліпбиін құрастырушылар жаңа жобада неліктен диаграф пен "W" әрпінен бас тартқандарын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қоғамдық пікір жайлы айтатын болсақ, пікір қалдырушылардың 85-90 пайызы және мамандардың барлығы дерлік "W" әрпіне қарсы болды. Президентпен өткен кездесуде бұл туралы айтылды. Министр де адамдардың 90 пайызының бұған қарсы болғанын айтып өтті. Мұнда қоғамдық пікірді ескердік", - деді Шаяхметов атындағы Тілдерді дамыту республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында.

Сондай-ақ, ол жаңа жобада қоғамның пікірі назарға алынып, диаграф жүйесінің апострофтарға ауыстырылғанын айтты. 

"Біз бір дыбыс - бір әріп етіп жазуды үйренгенбіз. Екі әріп пен бір дыбыс қоғам үшін жат, үйреншікті емес болды. Сондықтан басым бөлігі қарсы болды. Әліпбидің құрастырудың негізі үш әдісі бар - умлаут жүйесі, апостроф арқылы және диграф арқылы. Диаграф жүйесі болмайтын болды, сондықтан апострофқа көштік", - деді Ербол Тілешов.

Дереккөз: Tengrinews.kz


12 қазан 2017, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.