Атырау, 23 желтоқсан 02:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Бішкек: Назарбаев өз үкіметіне шекарадағы жағдайды реттеуді тапсырды

2 057 рет қаралды


Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдайды талқылады деп хабарлады Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі.

Кездесу Ресейдің Сочи қаласында өткен Еуразия экономикалық кеңесінің жиынында болған. Исаков Назарбаевқа шекарадағы жағдайды айтқан. Ол шекарадағы жағдайдың нашарлауынан қырғызстандықтар ғана емес, Қазақстан мен өзге елдің азаматтары да зардап шегетінін де айтқан.

Қырғызстан үкіметінің хабарауынша, келіссөзден соң Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке шекарада туындаған мәселелерді шешуді тапсырған.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекарадан өту 10 қазаннан қиындаған. Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің мәліметінше, Қазақстан шекарадан өту тәртібі мен тексеруді күшейткен. Бұның салдарынан шекарадан өту бекеттерінде кезек пайда болған.

Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Назарбаевтың Қырғызстан үкімет басшысымен кездескені немесе үкіметке шекарадағы жағдайды реттеуді тапсырғаны туралы әзірге хабарламады.

Дереккөз: Азаттық

12 қазан 2017, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.