Атырау, 29 наурыз 11:09
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Оралда ұшақтың апатты жағдайда қонуына құстар себеп болған

2 064 просмотра


«King Аir -250» ұшағының авиациялық оқиғасы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«2017 жылдың 10 қазанында тіркеу нөмірі UP-K3504 King Air -250 әуе кемесі Орал қаласының әуежайына қонар кезінде авиациялық оқиға тап болып, апатты жағдайда қонды. Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Орал әуежайына қонуға ыңғайланған кезде тетікті қосқаннан кейін ұшаққа құстар соғылған. Соның салдарынан  шассиисіз қонуға тура келген. Әуе кемесінің бортында экипаждың 3 мүшесі болған. Олар -  ұшақ командирі - А.И.  Бунеев, екінші ұшқыш - А.В. Киселев және борт-оператор - Д.Н. Толе. Экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ. Тек әуе кемесі аздап зақымданған»,-деп атап өтілген ҚР ИДМ баспасөз қызметінің мәліметінде. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 828 қаулысымен бекітілген оқыс оқиғалар мен апатты жағдайларды тергеу ережесіне сәйкес, бұл авиациялық оқиға тергелуі тиіс. Осыған орай, King Air-250 әуе кемесінде болған авиациялық оқиғаның мән-жайын тексеру үшін министрлік комиссиясы құрылды. Көлік апаттары мен оқиғаларын тергеу басқармасының қызметкерлері авиациялық оқиға болған жерге барды.

Дереккөз: ҚазАқпарат


11 қазан 2017, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.