Атырау, 23 желтоқсан 02:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Назарбаев Бозымбаевқа сөгіс жариялады

2 552 рет қаралды


Назарбаев ҚР энергетика министрі Бозымбаевқа сөгіс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынымы негізінде жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығына тиісті бақылауды қамтамасыз етпеу түрінде көрініс тапқан жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа сөгіс жарияланды", - делінген Ақорданың хабарында. 

Еске салайық, кеше үкімет отырысында Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы ұсыныс енгізетінін мәлімдеген еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz



11 қазан 2017, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.