Атырау, 23 желтоқсан 02:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

"Менің тағдырым Президенттің қолында" - Бозымбаев

3 052 рет қаралды


ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев премьер-министр тарапынан бензинге қатысты айтылған сынға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"Мен жоғарғы басшылықтың шешімін талқыламаймын. Ол өз құзыретіндегі шараны қолданды. Талқылайын деген ойым жоқ. Мен презентация жасап, бұл жағдайдан қалай шығу үшін не істеу керектігін көрсеттім. Бензин бағасының өзгеруіне байланысты әр түрлі жанармай бекеттері әр түрлі баға қояды. Біреулер шын пейілмен сатып жатты, ал біреулер ұстап тұрды", - деді Қанат Бозымбаев.  

"Егер мен мұнай тапшылығы жоқ десем, яғни мұнай базаларында әлі де қалдықтардың барын айтқаным. Қалдықтар көбейіп жатыр. Мен әр әкімге жанармай бекеттерінде мұнайдың бағасын өсетінін күтпей, ұстап тұруын қойсын деп ескерттім. Бұған жол жоқ, жауапкершілік болады", - деді энергетика министрі.  

Ведомство басшысы неліктен бұл жағдайды бензин тапшылығы жоқ деп санайтынын түсіндірді. "Жанармай бекеттері қалдықтарын ұстап, бағаның өсуін күтіп отыр. Бұл қиын жағдай, шыдамдылық керек, бағаны да түсіру қажет. Қарашада бензин екі есе көп болады", - деді Қанат Бозымбаев. 

"Мен министрмін. Менің тағдырым Президенттің қолында. Ол не десе, сол болады", - деді министр.  

Еске салайық, Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы ұсыныс енгізді. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

10 қазан 2017, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.