Атырау, 3 маусым 20:47
 дождьВ Атырау +22.3
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Бензин тапшылығына байланысты "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ вице-президенті қызметінен босатылды

1 861 рет қаралды


ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ тасымалдау, қайта өңдеу және маркетинг жөніндегі атқарушы вице-президент Данияр Берлібаевты (суретте) қызметінен босатуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет басшысының бензин мәселесіне қатысты көңілі толмай отыр. Данияр Берлібаев "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ тасымалдау, қайта өңдеу және маркетинг жөніндегі атқарушы вице-президенті қызметін 2016 жылдың тамызында бастаған болатын.

Дереккөз: Tengrinews.kz


10 қазан 2017, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.