Атырау, 17 мамыр 14:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Ұшақ апатына ұшыраған дәрігерлер қарауы тиіс науқас қайтыс болды

1 935 просмотра


3 қазан күні Алматыда Ан-28 ұшағы апатынан қаза тапқан дәрігерлер келіп көруі тиіс түркістандық 30 жастағы Мереке Қозыкенова қайтыс болды деп хабарлайды Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Вячеслав Цой.

- 2 қазан күні ауыр хәлде облыстық клиникалық аурухананың жан сақтау бөліміні түскен түркістандық әйел 8 қазан күні түнгі сағат 22:30-да қайтыс болды, - дейді бөлім меңгерушісі.

Мереке Қозыкенова бұған дейін бірнеше аурумен ауырып, жергілікті ауруханада ем алған. 16 қыркүйекте алтыншы баласын босанғаннан соң оның жағдайы күрт нашарлаған.

3 қазан күні кешке ауыр халде жатқан Мереке Қозыкенованы қарауға Алматыдан Шымкентке санитарлық авиация ұшағымен дәрігерлер ұшып шыққан еді. Бірақ ұшақ Алматыдан 28 километр ұшып шыққан соң Алматы облысы аумағына құлап, борттағы бес адам - экипаждың үш мүшесі мен дәрігерлер түгел қаза тапқан.

Дереккөз: Азаттық

9 қазан 2017, 16:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.