Атырау, 17 мамыр 12:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Дүйсенова Атамбаевтың зейнетақы мөлшері туралы айтқан сөзіне жауап берді

1 724 просмотра


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қырғыз елі басшысының сөзіне қатысты пікір білдіре отырып, әлеуметтік төлемдердің мөлшері Қазақстанның ішкі мәселесі екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстантілшісі. 

"Қазақстан мен Қырғызстан әрқашан бірін-бірі материалдық тұрғыдан сол жағдайын қабылдайтын, бірін-бірін қолдап, көмек көрсететін. Әлеуметтік төлемдердің мөлшері мен оның деңгейі – бұл әрбір мемлекеттің ішкі мәселесі. Біз ешқашан басқа мемлекеттен төлемдердің мөлшері неге осындай деп сұрамаймыз. Әлеуметтік көмек пен қолдауға жұмсалатын шығыстар Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің 4,2%-н құрайды. Қырғызстанда бұл басқа процесс. Біз ол туралы айтып, сынамаймыз ғой, өйткені бұл әр мемлекеттің ішкі мәселесі", — деп мәлім етті Тамара Дүйсенова бүгін БАҚ өкілдеріне. 

Министрдің сөзіне сүйенсек, Атамбаевтың еліміздегі зейнетақы мөлшеріне қатысты айтқан мәліметі шындыққа сәйкес келмейді. 

"Бүгінгі күні Қазақстанда зейнетақы мөлшері әріптестерімізбен салыстырғанда 2,6 есе көп. Бірінші қаңтардан бастап базалық зейнетақы қайта қаралады. Сонда келесі жылы айырмашылық 3,5 еседей болады", — деді Дүйсенова. 

Еске сала кетейік, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстанның басшылығын 15 қазанда өтетін президент сайлауы процесіне килігіп отыр деп айыптап, еліміздегі байлықтың ұрланып жатқанын мәлімдеген болатын. Ол Қазақстандағы зейнетақы мөлшері ішкі жалпы өнімі көрші елден сегіз есе көп бола тұра, Қырғызстаннан бар болғаны бір жарым есе ғана көп екеніне таңғалады. 

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Атамбаевтың мәлімдемесіне наразылық білдіріп, мұндай арандатушылық сөздер екі елдің арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық пен бауырластық қатынасқа өз кесірін тигізбейтініне сенім білдірді. 

Дереккөз: Sputnik

9 қазан 2017, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.