Атырау, 17 мамыр 17:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

18 жасар бойжеткенді зорлап, өлтірді деген күдікпен такси жүргізушісі ұсталды

2 377 просмотра

Назерке Әріп


Алматыда мәйіті зират басында табылған 18 жастағы Назерке Әріптің өліміне қатысы бар күдікті – такси жүргізушісі ұсталды, деп хабарлады Алматы ІІД баспасөз қызметі.

Күдікті 1984 жылы туған, Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны, қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

"Оның такси болып жұмыс істеп жүргені анықталды. Қылмыс жасалған күні жәбірленуші соның көлігіне отырған: ер адам қызды зорлап, тұншықтырып өлтіріпті. Қылмыс іздерін жасыру үшін күдікті мәйітті зират шетіне апарып, лақтырып кетеді. Ұсталған азамат жасаған қылмысын мойындады, айғақтар да жетерлік. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", — дейді Алматы ІІД қылмыстық полиция басқармасы басшысы, полиция подполковнигі Жанболат Зиадин.

Еске сала кетейік, Назерке биыл медициналық ЖОО-ға грантқа түсуді жоспарлаған болатын. Талапкер 10 шілдеде сағат 18.00-ден кейін байланысқа шықпаған. Назеркенің отбасы Алматы маңындағы Талғар ауданында орналасқан Тұздыбастау ауылында тұрады.

Дереккөз: Sputniknews.kz 

9 қазан 2017, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.