Атырау, 20 сәуір 04:36
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ұлттық банк басшысының кеңесшісі: теңге одан әрі әлсіремейді

1 907 просмотра

Фото: Kursiv.kz

Экономист Айдархан Құсаиновтың (суретте) айтуынша, қазіргі уақыттағы теңгенің әлсіруіні басты себебі – валюта нарыығындағы алып-сатарлық көңіл-күйге байланысты болып отырғанына сенімді. Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында ол теңгенің бұдан ары құлдырауына жол жоқ екенін атап өтті. 

 "Соңғы екі айдың көлемінде теңгенің әлсіреуі, шетелдік валютаға қатысты орын алған жаппай сұраныстың нәтижесінде болып отыр. 2017 жылдың бірінші жартысында валютаға деген сұраныс әдеттегіден екі есе аз болған еді. Бұл дедолларизацияға қатысты да болуы мүмкін. Алайда шілде айынан бастап, жағдай өзгерді. Бұл теңге бағамының өзгеруіне әкелді. Тұрғындар доллар бағамының өскенін бақылап отырып, жаппай валюта салыт алуға көшті. Нәтижесінде теңгенің құлдырауы болып отыр", — деді Құсайыов.

Сарапшының берген бағасы бойынша, теңгенің долларға шаққандағы қазіргі нақты бағамы — 340 теңге. 

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

6 қазан 2017, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.