Атырау, 23 желтоқсан 01:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Назарбаев "Байқоңырдың" экологиялық қауіпсіздігі мәселесін көтерді

2 013 рет қаралды


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Қазақстан мен Ресей арасында қабылданған "Байқоңыр" кешеніндегі одан әрі ынтымақтастық тұжырымдамасының іске асырылу барысымен, сондай-ақ "Бәйтерек" бірлескен жобасына қатысты атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Ресеймен жасалған уағдаластықтар аясында кешенді дамытудың стратегиялық бағыттары айқындалды. Арнайы құрылған үкіметаралық комиссия мен үкіметтеріміз тиісті жұмысты үйлестіруде. Нақты шаралар қабылданып жатыр", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.    

Осы орайда Қазақстан Президенті өңірдің экологиялық қауіпсіздігін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына Байқоңыр қаласын дамыту перспективалары мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған іс-шаралар жөнінде баяндалды. 

"Қаланың болашағы зор. Қажетті инфрақұрылым дамып келеді. Қала газбен қамтамасыз етіліп, тұрғын-үй кешендері мен әлеуметтік нысандар салынатын болады. Сондай-ақ, жергілікті халықты жұмыспен қамту үшін бірлескен кәсіпорындар құру қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Дереккөз: Tengrinews.kz


5 қазан 2017, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.