Атырау, 31 наурыз 11:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеге келді

2 576 рет қаралды


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеге жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Елбасы сапар барысында Ақтөбе ферроқорытпа зауытының, Ақтөбе рельс-арқалық зауытының жұмысымен танысады. Айта кетейік, ферроқорытпа зауытының №4 цехы 2014 жылы іске қосылды. Заманауи өндіріс орны зауыттың қуаттылығын арттыртуға бағатталды. Ал Ақтөбе рельс-арқалық зауытынан шығарылып жатқан өнім «Нұрлы жол» бағдарламасымен іске асырылып жатқан жобаларға кең қолданылып жатыр. 

Астанадағы жаңа вокзалдың рельсі де Ақтөбе зауытынан шығарылған. Сапар барысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынған Жұбановтар әлемі орталығы, Шығармашылық академиясы, «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған пәтерлер қолданысқа беріледі деп күтілуде. 

Дереккөз: ҚазАқпарат


4 қазан 2017, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.