Атырау, 12 қаңтар 21:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Көкшетауда "Қазпошта" бөлімшесіне жасалған қарулы шабуылдың видеосы пайда болды

Бейнежазба
2 393 рет қаралды


Көкшетауда қаруланған екі ер адам "Қазпошта" бөлімшелерінің біріне шабуыл жасады. Желіде видеобақылау камерасындағы жазба пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бұл оқиға 3 қазанда түске дейінгі уақытта болған. Белгісіз екі ер адамның бетперде киіп алып, кассирді қорқытқаны белгілі болды. Олар шамамен бір миллион теңге көлемінде (одан сәл аз болуы мүмкін) ақша алып кеткен", - деп хабарлады Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі бойынша ("Қарақшылық") сотқа дейінгі тергеу басталды. Кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Жедел топ құрылып, куәгерлерден жауап алынып, камерадағы жазбалар зерттеліп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтер жарияланбайды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

4 қазан 2017, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.