Атырау, 8 қазан 21:11
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Құжаттың орнына қару

4 330 просмотра

Исатай ауданында араққа тойған жүргізуші автоинспекторға қарсы мылтықпен ұмтылған.

ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша,сол күні жол полициясының қызметкерлері республикалық маңызы бар тасжолда рейд жүргізген екен. 25 қараша күні кеште Атырау-Астрахан тас жолында Аққыстау селосынан «Жигули» автокөлігі тоқтатылады. Автокөлік жүргізушісі мас күйде болған. Жүргізушілік куәлігі мен техникалық төлқұжатты көрсетуін сұраған өтінішке жауап ретінде ол көліктен аңшы қаруын алып түсіп, автоинспектор Қайрат Әбдіғалиевке қоқан-лоққы көрсеткен. Полиция қызметкері еш абыржымастан, оның қолынан қаруын тартып алған. Қаруынан айырылған ол зыта жөнелген, артынша қолға да түсіп үлгерді. Кейін анықталғандай, аңшы қаруы оқталмаған және ол Жанбай поселкесінің әлдебір тұрғынынікі болып шыққан.

Жүргізуші ешқайда кетпеу жөніндегі қолхат арқылы бостандыққа жіберілді.

Лев ГУЗИКОВ

1 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.