Атырау, 22 желтоқсан 23:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Сағадиев білім берудің негізгі трендтерін атады

1 487 рет қаралды


Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қазіргі білім берудің негізгі екі трендін атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Бірінші тренд бұрыннан бері бар. Мәселен, мен Астанада отырып, Қостанайдағы балаларға дәріс оқимын. Ал екінші тренд қазір кеңінен тарала бастады. Оған сәйкес, мен бейнедәрісті жазып аламын да, мультимедиялық материалдармен толықтырамын. Ішіне графиканы саламын, әрбір 5-10 минут сайын сұрақтарды кіргіземін. Сөйтіп, сапалы бір сабақты жасап шығарамын. Оны үздіксіз пайдалануға болады. Сондықтан бүгінде дәл осы екінші тренд біріншіні басып озып, алға шығып келеді», - дейді Сағадиев. 

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде мектептерге арналған бейнефильмдер мен интерактивті сабақтарды даярлау жұмысын аяқталуға жақын. Ал жоғары оқу орындары үшін әлі де біраз шараларды атқару қажет. «Шыны керек, жоғары оқу орындарына арналған бейнесабақтарды даярлау жұмысы енді басталып жатыр. Бізге сапалы контент жасау қажет. Мемлекеттік қызмет саласындағы мұғалімдерге де бейнеконтентті даярлайтын боламыз», - деп атап көрсетті Ерлан Кенжеғалиұлы.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста Білім министрі мектеп мұғалімдерін ғаламтор арқылы бақылауға кіріскенін мәлімдеді. 

Дереккөз: ҚазАқпарат


3 қазан 2017, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.