Атырау, 22 желтоқсан 23:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Елімізде мектепте қағаз журналдарды пайдалануға тыйым салынады

1 515 рет қаралды


Электронды журналдарды енгізген мектептерге қағаз журналдарды пайдалануға тыйым салынады, деп хабарлады Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Министрдің айтуынша, орта білім беруде оқу процесін автоматтандыру мақсатында электронды журналдар енгізіліп жатыр. Бұл жүйеде төрт мыңнан астам мектеп жұмыс істейді. 

"Барлығы мемлекет үшін тегін. Электронды журналдарды енгізген мектептерде қағаз журналдарды пайдалануға шек қоюды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз —қайталауды тоқтату және есеп беруді қысқарту", — деді Сағадиев электронды білім беру мәселесі қаралған үкімет отырысында. 

Балалардың жеке мәліметтерін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ұлттық компаниясы сақтайды.

Дереккөз: Sputniknews.kz 

3 қазан 2017, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.