Атырау, 22 желтоқсан 23:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

АИ-92 бензинінің литрі 155-157 теңге болуы мүмкін - ҚазМұнайГаз Өнімдері

1 567 рет қаралды


«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС бас директорының операциялық басқару жөніндегі орынбасары Нүркен Мырзағалиев Қазақстанда бензин бағасы алдағы уақытта қай кезде қымбаттайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Бір айдың ішінде өсуі мүмкін, яғни біз импортты өнімді ала бастаған кезде жоғарылауы ықтимал»,-деді ол. 

Сонымен қатар «ҚазМұнайГаз Өнімдері» өкілі бірнеше күнде бензинді талонмен беру мәселесіне қатысты жағдай шешімін табатынын атап өтті. Осының алдында ол ҚМГ жанар-жағармай құю стансаларында бензин не себепті талонмен беріліп жатқанын айтқан еді: «Үлгере алмай жатқан өңірлерде отын талонмен беріліп жатыр. Атырау мұнай өңдеу зауыты жақында жұмысын бастап, тиісті режімге шықты және қазіргі кезде 8 мың тоннағы жуық отын Қазақстанның барша өңірлеріне бағытталды. Атап айтқанда, бұл шектеу кейбір өңірлерде орын алып отыр»,-деді Мырзағалиев. 

Оның сөзіне қарағанда, алдағы импортты (Ресейден) ескере отырып,  АИ-92 бензинінің литрі 155-157 теңге болуы мүмкін.

Дереккөз: ҚазАқпарат


2 қазан 2017, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.