Атырау, 12 қаңтар 18:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

WBC Головкин - Альварес реваншын санкциялады

1 970 рет қаралды


Бакуде Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) 55-і конвенциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, онда WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) қатысуымен өтетін кезекті жекпе-жек  мәселесін қаралды. Бұдан бұрын ұйым президенті Маурисио Сулейман екі нұсқаны атаған еді - міндетті үміткер Джермаллом Чарломен (26-0, 20 КО) жекпе-жек немесе Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта айқас. Басымдық реваншқа берілді. Сулейман тараптарды айқасты өткізу шарттарын тезірек мақұлдасуға шақырды. 

Еске салайық, Головкин - Альварес бірінші айқасы тең нәтижемен аяқталды. Реванш 2018 жылдың 5 мамыр күні өтеді деп күтілуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат


2 қазан 2017, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.