
Астанада алтын унитаз 10 млн долларға сатылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Астанада өткен жәрмеңкелердің бірінде алтын унитаз сатылғаны туралы Инстаграмдағы news.uko парақшасында жарияланды.
«Бұл алтын унитаз Астана жəрмеңкесінде 10млн АҚШ долларына сатылды», - деп жазылған хабарламада.
Желі қолданушылары болса осы ақпаратқа қатысты түрлі пікірлер жазуда.
«Осындай қымбат дүниені қарапайым жерге орнатқанына қарағанда кредитке алған-ау», - деп пікір білдірген бір қолданушы.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін бір жігіт қымбат коттедждердің бірінде досының үйінен алтын унитазды көргенін жазып, желіде біраз шу көтерген еді.
Дереккөз: Baq.kz
В Атырау +1