Атырау, 23 желтоқсан 05:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстанда бензин бағасы: АИ-92 маркалы бензин 150 теңгеге сатылып жатыр

2 316 рет қаралды


Қазақстандық кейбір жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин 150 теңгеге сатылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Helios жанармай құю бекеттерінің желісінде АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі 150 теңге тұрады. Ал АИ-95 маркалы бензин 164 теңге.  "Қазмұнайгаз өнімдері" ЖШС сайтының мәліметінше, АИ-92 147 теңгеден сатылып жатыр. АИ-95 маркалы берзин 160 теңге.  Royal Petrol жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин бағасы - 148 теңге, ал АИ-95 - 161 теңге.  Sinooil жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин бағасы - 146 теңге, ал АИ-95 - 161 теңге.  

Осыған дейін, Қостанайда АИ-92 маркалы бензин бағасы 155 теңгеге дейін көтерілген.  Жергілікті авто жүргізушілер кемінде екі жанармай құю бекетінің желісінде бензин бағасы бірнеше теңгеге өскенін хабарлады. Жанармай құю бекеті қызметкерлерінің айтуынша өзгерістер қыркүйектің 30-нан қазанның 1-не қараған түні өзгерген. 

Дереккөз: Tengrinews.kz


2 қазан 2017, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.