Атырау, 2 мамыр 13:41
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қазақстан мұнай компаниялардың біріне 39,2 млн доллар төлеуге міндеттелді

1 595 просмотра

Фото: UTMagazine.ru

2017 жылғы 27 қыркүйекте Инвестиция дауларын реттеу жөніндегі халықаралық орталық (ИДРХО) Қазақстанды «Қаратөбе Интернэшнл Ойл Компани» ЖШС-на 39,2 млн АҚШ долларын төлеуге міндеттеді. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Министрліктің мәліметінше, компания талап еткен сома 1 млрд доллардан астам болған. Алайда төрелік соттың шешімімен бастапқы талап арыз 4 пайызға азайтылған. "Бұл «Қаратөбе Интернэшнл Ойл Компани» ЖШС-ның Қазақстан Республикасынан ақшалай қаржыны өндіріп алуға жасаған екінші әрекеті. Бірінші әрекеті 2008 жылы болған, онда талап арыз сомасы 2 млрд долларды құраған. 2012 жылы төрелік сот шешімі ҚР пайдасына шығарылды. Ал 2013 жылы 5 маусымда аталған компания АҚШ азаматы Девинчи Салах Хураниды талап иесі ретінде қосып, ИДРХО-ға тағы да талап арыз берді. Бұл жолы талап арыздың жалпы сомасы 1 млрд доллардан асты. 

Қазақстан талап арыздың көп бөлігі негізсіз екенін дәлелдеді", - делінген баспасөз қызметі хабарламасында. Енді министрлік алдағы уақытта төрелік шешімге шағымдану процесін бастамақ. Ал шешім күшінің жойылуына екі жылға жуық уақыт кетеді екен. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 


29 қыркүйек 2017, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.