Атырау, 2 мамыр 15:05
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Энергетика министрлігі: Ресей Қазақстанға әкелетін әуе керосинінің жеткізілімін ұлғайтты

1 929 просмотра


Энергетика министрінің мұнай өндірісін дамыту департаментінің директоры Қуаныш Құдайбергенов бейсенбі күні ресейлік өндірушілердің әуе керосинінің жеткізілімін ұлғайтатынын хабарлады. 

Қазақстандық Шымкент және Атырау зауыттары жалпы есеппен айына 22 мың тонна әуе керосинін шығарады. Әуе тасымалы компаниясының орта айлық сұранысы 47,5 мың тоннаға сәйкес келеді. Сондықтан қажетті отынның қалған бөлігі Ресейден тасымалданады. Алайда, соңғы кездері Ресей Қазақстанға әуе отынын жеткізу көлемін азайтқан, қыркүйек айының бірінші жартысында ресейлік зауыттар бар-жоғы 7 мың тонна керосин жеткізген.  

"Ресей Федерациясы Энергетика министрлігі импорт көлемін күн сайынғы жоспар бойынша іске асырады. Сол себептен де Ресей тарапынан жеткізілетін әуе керосинінің көлемін арттыруға мүмкіндік туып, бүгінде 18 мың тонна отын жеткізілсе, қосымша тағы 8 тонна жөнелтуді жоспарлап отыр", — дейді Құдайбергенов.

Әуе базаларының қазіргі жұмысы отынның қолда бар қорымен орындалып отыр. Алдағы уақытта Павлодар мұнай өндеу зауыты іске қосылған кезде Қазақстандық өндіріс көлемі жылына 900 мың-1 миллион тоннаға дейін жеткізіледі.

Дереккөз: Sputniknews.kz 

28 қыркүйек 2017, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.