Атырау, 2 мамыр 14:56
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

"Роскосмос" пен NASA Айға жақын станция ашпақ

1 929 просмотра


Ресей мен АҚШ-тың ғарыш агенттіктері Айға жақын ғарыш станциясын құруда ынтымақтастық орнататынын жариялады.

"Роскосмос" пен NASA мәлімдемесінде "алыс ғарыш кеңістігіне шығар қақпа" болатын Айға жақын жаңа халықаралық станция жобасын жасауда бірлесе жұмыс істеуге келіскені айтылады. NASA ұзақ мерзімдік Deep Space Gateway жобасын адамзатқа Күн жүйесін ары қарай біле түсуге мүмкіндік беретін зерттеудің бір бөлігі деп атады. "Роскосмостың" хабарлауынша, екі елдің ғарыш агенттіктері Айдың бетіне база жасап, орбитада станция орнатуға қажетті жүйені құруда ынтымақтаспақ.

АҚШ пен Ресейдің қарым-қатынасы қырғи-қабақ соғысынан бері болмаған деңгейде нашарлап кеткеніне қарамастан, екі ел жалғыз ғарыш саласында ынтымақтасып отыр. Ресей зымырандары мен ғарыш кемелері халықаралық ғарыш станциясына ресейлік ғарышкерлер мен америкалық астронавтарды және қажетті материалдарды жеткізеді. Орбитада орналасқан ол станцияда ресейліктер мен америкалықтар бірге жұмыс істейді.

Дереккөз: Азаттық

28 қыркүйек 2017, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.