Атырау, 22 желтоқсан 21:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Банк қызметкерлері қайтыс болған клиенттің шотынан ақша ұрлаған

2 323 рет қаралды


Қайтыс болған клиенттің шотынан жеті миллион теңгеден астам ақша ұрлаған екі банк қызметшісіне үкім шығарылды, деп хабарлайды Алматы қаласы Медеу ауданы №2 соты.

Банктің клиенттерінің бірі былтыр наурыз айында "Сбербанкте" өз атына шот ашып, 770 миллион теңгеден атсам ақша салады. Бір ай өткен соң клиент қайтыс болады. Мұны білген бастықтың орынбасары мен оның қол астында жұмыс істейтін қызметші марқұмның мұрагері жоқ екенін анықтайды. Олар SMS-банкинг көмегімен клиент карточкасынан 7,6 миллион теңге ұрлаған. Осылайша банкке аса ірі көлемде шығын келтірілді.

Сотталушылар айыптарын толығымен мойындап, басшы орынбасары сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қол астындағы қызметші жеті жылға шартты түрде сотталды. Екеуі де банк саласында материалдық жауапкершілікке қатысты қызметті иелену құқығынан бес жылға айырылған. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Дереккөз: Sputniknews.kz 

28 қыркүйек 2017, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.