Атырау, 22 желтоқсан 21:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстан бәсекеге қабілетті елдер рейтингінде төмендеп кетті

2 434 рет қаралды


Қазақстан Дүние жүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі туралы рейтингінде  57-ші орынға ие болып,төрт сатыға төмен түсті. Тізімде 137 елдің аты көрсетілген. Бұл туралы ұйымның баяндамасында айтылды.  

Қазақстанның түрлі көрсеткіштер бойынша орташа балы 4,35 (2016 жылы 4,41 балмен 53 орында болған) болды. Қазақстанмен қатарлас тұрған елдер Филиппин (56-орын) мен Руанда елі (58-орында). Әзербайжан рейтинг бойынша 35-ші орында, Ал Ресейдің көрсеткіші үш сатыға төмендеп, 38-ші орында тұр. Бірінші орында Швейцария. Алдыңғы бестікке АҚШ, Сингапур, Нидерланды, Германия кірген. Рейтинг  құрастырушылардың сөзінше, Қазақстанда бизнесті жүргізудегі негізгі проблемалар қаржыландыру, сыбайлас жемқорлық, жұмысшы күшінің болмауы, инфляция, салықтық нормалар, тиімсіз  мемлекеттік бюрократия салдарынан туындайды екен. 

Айта кетейік, Қазақстанның аталған рейтингтегі нәтижесі 2015-2016 жылдары жақсы болған. Ол кезде Қазақстан 140 елдің ішінде 42 орында болған. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 


28 қыркүйек 2017, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.