
Қазақстан бірқатар елмен сотталушыларды өзара беру туралы келісімге келмек. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасын таныстырған ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, бұл Заң жобасы Қазақстанда не Сауд Арабиясында сотталған азаматтардың жазасын өз отанында өтеуіне мүмкіндік беретін болады.
«Яғни, егер ҚР азаматы Сауд Арабиясында қылмыс жасайтын болса, онда ол бас бостандығынан айыру жасасына кесілетіндігі анық. Ол бұл жазасын белгілі бір келесім аясында өзімде, елімізде өтей алады. Дәл солай Сауд Арабиясының азаматы Қазақстанда сотталатын болса, ол да жазасын өз елінде өтеуге мүмкіндік алады», - деді Андрей Лукин.
Сонымен қатар сотталушы туған еліне жазасын өтеу үшін сол мемлекеттің азаматы, үкім нақты болса, сотталушы үкім шығарған елдің шағым процедураларына қатысы болмаса ғана беріледі. Сотталушыны беруші елдің егемендігіне, қауіпсіздігіне және сол елдің заңдарына қайшы келетін жайттар болса, онда сотталушы туған еліне жазасын өтеу үшін қайтарылмайды.
«Бұл келісім үлгілік болып саналады. Дәл осындай келісімді Қытаймен, Түркиямен, Венгрия, Испаниямен, Румыния, Литва, Иранмен жасастық. ТМД аясында сотталушыларді беру процедурасы Мәскеу конвенциясы негізінде жүзеге асырылады. Ол 1998 жылдың 3 наурызында жасалған болатын. Қазіргі уақытта дәл осындай келісімді Иордания, Бразилия, Моңғолия, Оңтүстік Корея және Бірікен Араб Әмірліктерімен жасасу мүмкіндігі қарастырылып жатыр», - деді Бас прокурордың орынбасары.
Дереккөз: ҚазАқпарат
В Атырау 0