Атырау, 22 желтоқсан 21:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстанның оңтүстігі мен батысында күн райы бұзылады

14 896 рет қаралды


Жақын күндері Қазақстанның орталық, шығыс өңірлерінде, солтүстік аймақтың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Ал оңтүстік пен батыста кей жерлерде жаңбыр жауып, жел ұйытқиды, деп хабарлады Gismeteo сайты.

Батыс өңірлерде көшпелі бұлтты, басым бөлігінде жаңбыр жауады, жел ұйытқиды.

Маңғыстау облысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты, жел ұйытқиды, күндіз +17…+21°C, түнде +9…+12°C.

Батыс Қазақстан облысында көшпелі бұлтты, кей жерлерде жауын жауады, жел ұйытқиды, ауа температурасы +10…+13°C, түнде +2…+5°C.

Ақтөбе облысында күн біресе бұлттанып, біресе ашылады, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел ұйытқиды, күндіз +8…+11°C, түнде +2…+5°C.

Атырау облысында көшпелі бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел ұйытқиды, күндіз ауа температурасы +11…+14°C, түнде +6…+9°C.

Дереккөз: Sputniknews.kz 

27 қыркүйек 2017, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.