Атырау, 22 желтоқсан 20:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Алматыда жалған iPhone жасап келген цех анықталды

Бейнежазба
2 517 рет қаралды


Алматыда жалған iPhone жасап келген жасырын цех анықталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Алматы Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы басқармасына сілтеме жасап.

Заңсыз өндіріс «Аэровокзал» сауда орталығының аумағында жұмыс істеген.

Тексеріс барысында 30-дан астам дайын өнім табылды. Жалған iPhone смартфондары басқа облыстардың тұрғындарына, сондай-ақ «ЦУМ» сауда үйінде сатылған.

«Контрафактілік өнімді тұпнұсқадан айыру өте қиын, себебі телефонды құрастыру кезінде жүйелік тақтаның түпнұсқасы пайдаланылған. Ал басқа бөлшектері қолдан жасалған арзан өнімдер», - деп атап өтті департаменттен.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 222-бабы бойынша («Бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану») қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала тергеуден кейін іс сот органдарына жіберіледі.


Дереккөз: Baq.kz

25 қыркүйек 2017, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.