Атырау, 22 желтоқсан 08:23
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Сәтті ойын

2 926 просмотра


24 қыркүйекте «Атырау» командасы «Оқжетпеспен» сырт алаңда ойнады. Ойын Көкшетаудың өзінде емес, 100 км қашықтықтағы аудан орталығы Щучинскіде жаттықтыру базасын еске түсіретін стадионда өтті.

Алайда, мұнайшылар күй таңдап жататын жағдайда емес. Команданың жақында ғана ресейлік бас бапкерімен қоштасқандығы белгілі, ал үшінші айналымдағы сәтсіздіктер команданы турнир кестесінің соңғы жағынан бір-ақ шығарды.

Мачтың басында қонақтар жеңіске деген құштарлықтары басым екендігін көрсетіп, көкшетаулықтарды қақпаларына қарай тықсырды.

Стандартты жағдай жалғаса беріп, 15-минутта ақ-жасылдар өздерінің үстемдіктерін көрсетті: Марат ХАЙРУЛЛИН бұрыштан доп беріп, ал, бір қызығы, қорғаушылардың ешқайсысы кедергі болмаған Предраг СИКИМИЧ баспен қақпаға гол салды – 0:1.

Қақпаға соғылған доп алаң иелерін сілкінтіп тастады, олар ештеңеге қарамастан «Атырау» қақпасына шабуылды үдете бастады. Осы жерде айта кету керек, қақпашы Андрей ПАСЕЧЕНКОНЫҢ допты ұтымды бере алмай жатқан кездері болды. Бірінші таймның соңында көкшетаулықтар қарсыластарынан еселерін алды: Игорь ЮРИННІҢ айып соққысынан кейін әуелеп ұшқан допқа литвалық қорғаушы Георгас ФРЕЙДГЕЙМАС басын тоса қойды. Қақпашы допқа ұмтылғанымен, оны тойтара алмады – 1:1.

Екінші таймда мұнайшылар соқ та жүгір деген тактикадан бас тартты. Меймандар қапталдан, орталықтан шабуыл жасап, 53-минутта бұрыштан доп соқты. Тағы да Марат ХАЙРУЛЛИН доп берді, бірінші голдағыдай, тағы да Предраг СИКИМИЧ оның пасына жауап берді: серб басымен допты украиналық легионер Ризван АБЛИТАРОВҚА жолдады, қорғаушы да үмітін ақтады. Алаң иелері доп қақпа сызығын кесіп өтпеді деп төрешіге шағымдана ұмтылды, алайда төреші қайтпады: есеп 1:2.

Ойынның 65-минутына дейін ойында қауіпті сәттер болған жоқ, ал содан кейін нағыз текетірес басталды. Алдымен «Оқжетпестің» қорғаушыларының қателігі «Атырау» капитанын қақпашымен бетпе-бет қалдыра жаздады. Бірақ Марат ХАЙРУЛЛИН соққы жасай алмай қалды. Содан кейін алаң иелері қауіпті шабуылдарды төпетіп жіберді, 76-минутта олар есепті теңестіре жаздады: оң жақ қапталдан пас алған Әлібек БӨЛЕШЕВ бәсекелесінің қақпасына тіке доп соқты, алайда Андрей ПАСЕЧЕНКО қақпаға дарытпады.

85-минутта Виталий ГОШКОДЕРЯ турдағы ең әдемі голдың авторы болуға сәл жетпей қалды: стандарттан берілген доп «Оқжетпестің» жартылай қорғаушысының аяғына ұшып барып, ол қақпаға «шаян соққысымен» допты кіргізуді ұйғарды. Бірақ шеберлігі жетпей қалды ма, әлде соңғы сәтте айнып қалды ма, белгісіз. Нәтижесінде «Атырау» өзі үшін жеңіс есебін ұстап қалып, 29 ұпаймен 10-орынға көтерілді.

Команда келесі матчты 30 қыркүйекте қарағандылық «Шахтер» командасымен өз алаңында ойнайды.

Марат ТАКУЛИН

25 қыркүйек 2017, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.