Атырау, 22 желтоқсан 20:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Талдықорғанда бизнесменмен төбелескен әкімнің орынбасары жұмыстан кетті

1 707 рет қаралды

Асқар Тутубаев. Фото: Tengrinews.kz

Талдықорған әкімінің бірінші орынбасары Асқар Тутубаев өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелге сілтеме жасап. 

Асқар Тутубаев жұмыстан кету туралы өтінішті 14 қыркүйекте жазған. 15 қыркүйекте оның өтініші қанағаттандырылған. Енді Асқар Тутубаев мемлекеттік қызметкер емес. Экс-шенеунік қандай да бір пікір білдіруден бас тартты. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Талдықорған әкімдігінде қала әкімінің міндетін атқарушы Асқар Тутубаев пен кәсіпкер Алмасбек Садырбаевтың төбелес шығарғаны хабарланған болатын. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

25 қыркүйек 2017, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.