Атырау, 22 желтоқсан 20:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстандық адвокаттар ЕҚЫҰ-ға (ОБСЕ) шағым түсірді

2 757 рет қаралды


Қазақстандық үш адвокат ЕҚЫҰ-ға (ОБСЕ) шағым түсірді – деп хабарлайды ca-news.org ақпарат көзі. 

Польшаның Варшава қаласында өтіп жатқан ЕҚЫҰ конференциясында Қазақстаннан барған Әсел Тоқаева, Сергей Сизинцев және Данияр Канафин ҚР Әділет министрлігі дайындаған «Адвокаттық және құқықтық көмек» туралы заңды қабылдамау керектігін айтқан. 

Данияр Канафиннің сөзінше, аталмыш заң жобасы Қазақстан Республикасындағы тәуелсіз адвокаттардың қазірге дейін жұмыс істеп келген ұйымдастыру мен қаржы басқару қызметіне кедергі жасайды. Ал Әсел Тоқаеваның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда адвокаттық қызметпен айналысу өте қиын. Өйткені кез келген істе адвокат клиентін қорғау барысында белсендлік көрсете бастайтын болса, онда адвокаттың өзінің үстінен қылмыстық іс қозғалу, лицензиясынан айыру сынды түрлі қорқытулар жасалады. 

Бұдан бөлек Қазақстандық үш адвокат ЕҚЫҰ (ОБСЕ) жиынында 14 қазан күні Астана қаласында республикалық адвокаттар съездін өткізетіндерін және сол жиында елдегі тәуелсіз адвокаттардың қорғауға байланысты мәселелер көтерілетінін айтқан.

Дереккөз: qazaqtimes.com

22 қыркүйек 2017, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.