Атырау, 22 желтоқсан 07:49
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

3 572 просмотра

ДЗЮДО

Ақтауда дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.

Атырау құрамасында Айболат Ыстыбай алтын алқа, Азамат Жексенбаев (суретте - оң жақта) пен Шынболат Хасанов күміс алқа, Ержан Теміржанов, Арман Қалиев, Сайда Қапсалықова қола алқа иеленді. Осылайша олар қараша айында Ақтөбеде өтетін ҚР чемпионатына жолдама алды. Спортшыларды бапкерлер Ж.Қиянов, К.Сүлейменов, Р.Құлбаев пен М.Есмағамбетов жаттықтырды.

***

Ұлан-Баторда әскери қызметкерлер арасында дзюдодан Азия чемпионаты өтті.

Сайыста атыраулық дзюдошы Назгүл Құбашева қола алқаға қол жеткізді. Оны Жандос Қиянов жаттықтырады.

***

ДЖИУ-ДЖИТСУ

«Геолог» ДСК-де қазан айының басында Семейде джиу-джитсу бойынша өтетін ҚР чемпионатына іріктеу үшін облыстық чемпионат өтті. 

Жекпе-жектер үш санатта өтті. Файтинг – Қанат Қасиет, Ернар Қожахметов, Қуандық Жаңбырбаев, Болат Мұқашев, Мирас Шынтасов, Иззат Насиров; невадза – Еламан Төреханов, Ризабек Шакиев, Қуаныш Тұржігітов, Жасұлан Зияденов, Дастан Қарасаев, Александр Ишин, Руслан Искиндиров; комбат – Серікжан Түсіпов, Ақылбек Гарифуллин, Әбу Дүйсәліпов, Сұлтанбек Өсербаев және Ибрагим Лұқпанов жеңімпаздар атанды.

***

ЗІЛТЕМІР

Филиппин астанасы Манилада жатып зілтемір көтеру бойынша Азия чемпионаты өтті. ҚР құрамасы 35 алқа (соның ішінде 29-ы алтын алқа) мен командалық бірінші орынды жеңіп алды. Атыраулық атлет Дмитрий ЛИ (суретте) чемпионат жеңімпазы әрі рекордшысы атанды.

105 келіге дейінгі менің салмағым бойынша 12 спортшы қатысты. Олардың арасында Азия мен Океания чемпионы астаналық Денис Рыбка болды. Негізгі сайыс екеуміздің арамызда өтті. Екеуміз де салмағы 220 кг болатын зілтемірді көтердік. Соңғы әрекетінде салмағы 229 кг болатын зілтемір Рыбкаға бағынбады. Мен 228 кг зілтемірге тапсырыс беріп, соңғы әрекетімде бұл салмақты бағындырып, Азия рекордын орнаттым.

Айта кету керек, Азияның бұрынғы рекорды да Дмитрийға тиесілі. Ол бұл рекордты 2017 жылдың сәуірінде АҚШ-тағы Киллин қаласында өткен әлем чемпионатында орнатқан болатын. Сол кезде ол салмағы 227,5 кг болатын зілтемірді көтеріп, алтын алқа иеленген еді. Бұған дейін Дмитрий юниорлар арасында екі дүркін Азия чемпионы (2012 және 2014 жж.) және юниорлар арасында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2013 ж.) атанды. Спортшыны ҚР еңбегі сіңген бапкер Қаһарман Садықов жаттықтырады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ






21 қыркүйек 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.