Атырау, 22 желтоқсан 18:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қашағанда мұнай өндіру көлемі бір айда 650 мың тоннаға жетті

3 192 рет қаралды


Атырау облысындағы Қашаған кен орнында мұнай өндіру айына 650 мың тоннаға жетті.

"Қазіргі уақытта 2016 жылы қайтадан іске қосылған кен орнында 316 адам еңбек етеді. Теңіз кен орнында барлығы 40 ұңғыма бар. Олардың ішінде 20-сы «D» және «A» аралдарында, ал қалған 20-сы қосалықы спутниктік аралдарда орналасқан. 8 ұңғыма жұмыс істейді. Осы айда мұнай өндіру көлемі 650 мың тоннаға жетті. Теңіз қондырғысы Батыс Ескене аумағында үш құбыр желісі арқылы жер асты өндірісіне қосылған", - деп мәлімдеді «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясының баспасөз қызметі. 

2017 жылы Қашаған кен орнынан шамамен 8,5 млн тонна мұнай өндіріледі болады деп болжанған. Қашағанның геологиялық қорында 4,8 млн тонна мұнай болады деп бағаланған. Мұнайдың жалпы қоры 38 миллиард баррельді құрайды, оның ішінде шамамен 10 миллиард баррель өндіріледі, табиғи газ қоры 1 триллион текше метрден асады. 

Айта кетейік, Қазақстан ОПЕК-тің мұнай көлемін қысқарту туралы келісімін орындаушы елдердің бірі. Алайда Ресей банкі Қазақстанның ОПЕК келісімін орындап отырғанына күмәнмен қарайды. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 


19 қыркүйек 2017, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.