Атырау, 28 сәуір 12:51
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Жылдық инфляцияның тежелуі жалғасып келеді

1 332 просмотра


Жылдық инфляция баяулап келеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика бiрінші вице-министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Экономиканың нақты секторында жағдайдың жақсаруының нәтижесінде әлеуметтік салада оңтайлы көрсеткіштер орын алды. Жылдық инфляцияның тежелуі жалғасып келеді. Атап айтқанда, биылғы тамыз айында 7 пайызды құрап, нысаналы дәліздің шегінде қалыптасуда. Ескере кетер жайт, айлық инфляция екінші ай қатарынан 0,1 пайызды құрап отыр», - деді ол 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысы бойынша баяндамасында. 

Оның сөзіне қарағанда, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз деңгейінде сақталып келеді. 

«Қазіргі кезде мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге сегіз айда қалыптасқан өсімнің қарқынын ұстап тұру басымдықты мақсаты жүктеліп отыр. Сонымен қатар құрылыс, ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіптің бөлек салаларындағы өсімнің баяулауы жағдайын түзету қажеттігі бар. Осыны ескере отырып, үдемелі экономикалық өсімді жыл соңына дейін сақтап тұруды болжап отырмыз», - деді вице-министр.

Дереккөз: ҚазАқпарат


19 қыркүйек 2017, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.