Атырау, 28 сәуір 16:02
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қазақстанда жанар-жағармай бағасы қымбаттауда

1 822 просмотра


Қатардағы тұтынушылар үшін Қазақстандағы жанар-жағармай материалдарының өзіндік өндірісінің өсімі мен импорттың қысқаруы бағаның артуына әкеп соқты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА  finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Сонымен қатар,  2017 жылдың тамыз айында 2016 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда ішкі нарыққа негізделген мотор бензинін өндірушілердің бағасы 4,5%-ға өсті, қысқы дизель отыны - 0,5%, ал, жазғы - бірден  14,5%-ға өсті. Жергілікті мұнай өндіруші зауыттарда небәрі 3,1 млн тонна дизель отыны  өндірілді, бұл былтырғы жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда, 1,8 пайызға төмен. 2017 жылдың тамыз-шілде айларында Қазақстанға барлығы 188,9 мың тонна дизель отыны жеткізілген, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге кем. 

Сондай-ақ, осы аралықтағы автомобиль бензинінің импорты 625,9 мың тоннаны құрап, 2016 жылдың осы кезеңіндегі көлеммен  салыстырғанда,   2,4 пайызға кеміді. 

Дереккөз: ҚазАқпарат


19 қыркүйек 2017, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.