Атырау, 28 сәуір 03:58
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Исламтанудың қазақстандық мектебінің ғылыми негізін құру қажет - Ермекбаев

1 921 просмотра


Исламтанудың қазақстандық мектебінің ғылыми негізін құру қажет. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Ведомство басшысының атап өтуінше, соңғы жылдары азаматтар діншілдігінің жылдам өсуі - діни мәдениеттің дұрыс қалыптасуынан және діни догмаларды сыни қабылдаудан озып кетті. Сонымен қатар еліміздегі діни аудиторияға сыртқы теріс әсерлер күшейді. Бұған ақпараттық кеңістіктің ашықтығы және жаһандану процестері ықпал етуде. Осыған байланысты Ермекбаев мемлекет пен діннің өзара қарым-қатынасының жеке моделін әзірлеу қажеттігін атап өтті. 

«Исламды түсіну бойынша біз жеке мектебімізді даярлауға тиіспіз. Бұл ретте шетелдік сындардан қауіптенбей, жалтақтамау керек. Исламтанудың қазақстандық мектебінің ерекше қырларына біздің полиэтникалық елдің ұлттық мәдени-тарихи ерекшеліктерін ескере отырып, рухани, моральдық-этникалық құндылықтары тірек болуы қажет», - деді ол. 

Бұл тұрғыда Н. Ермекбаев ескірген догмаларды қабылдауда сабырлық пен икемділік таныту, діни сенімді әрбір адамның жеке ісі ретінде қабылдау, өзге көзқарастарды ұстанатындарға мейірімділік пен толеранттылық көрсету, зайырлы мемлекеттің заңдарын орындау мәселелеріне мән беру қажеттігін сөз етті. Үкімет сағатында атап өтілгендей осы мақсаттарды бойынша арнайы ғалым дінтанушылардың тобы құрылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат


18 қыркүйек 2017, 12:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.