Атырау, 22 желтоқсан 18:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Головкиннің мықты соққысын сезген жоқпын - Альварес

2 212 рет қаралды


Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің мықты соққысын сезбегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Сезген де жоқпын. Бұл мені кішкене таңғалдырды. Бірінші раундта мен оны тексердім, ал кейіннен 7-8 раундта жұдырықтастым. Жоспарлағанымдай жұдырықтастық. Әрине, реванш алғым келеді. Адамдар тағы көргісі келсе, солай етейік", - деді "Канело" рингте.

Ал Головкиннің өзін жеңілдім деп санамайтынын мәлімдеді. "Тең есеп - ол менің кінәм емес. Қолымнан келетінін барлығын жасадым. Менің белбеулерімен қараңыздаршы, мен жеңілген жоқпын", - деген еді осыған дейін Головкин.

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды.

Дереккөз: Vesti.kz

17 қыркүйек 2017, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.