Атырау, 22 желтоқсан 18:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Әрине, реванш алғым келеді - Головкин

2 222 рет қаралды


Геннадий Головкин Сауль "Канело" Альвареспен өткен жекпе-жектен кейін реванш алғысы келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен жеңілген жоқпын. Мен әлі де чемпионмын. Маған қолдау көрсеткендерге рақмет. Әрине, рематч алғым келеді. Жұдырықтасқым келеді", - деді Головкин жекпе-жектен кейін.

Сауль "Канело" Альварес те жекпе-жектен кейін "Халық қаласа, мен де реванш алғым келеді" деді.

"Бүгін мексикалықтарда айтулы күн. Барлық мексикалықты Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Маған мексикалық стиль ұнайды. Нағыз жекпе-жектер ұнайды, Big Drama Show көрсеткім келді. "Алға жігіттер" қазақстандық жанкүйерлерге жеке алғыс айтамын. Тең есеп - ол менің кінәм емес. Қолымнан келетінін барлығын жасадым. Менің белбеулерімен қараңыздаршы, мен жеңілген жоқпын", - деп келтіреді Головкиннің сөзін Vesti.kz порталы.

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Дереккөз: Vesti.kz

17 қыркүйек 2017, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.