Атырау, 22 желтоқсан 18:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Головкин мен Альварес тең түсті

Бейнежазба
2 446 рет қаралды


Қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен тең түсті және барлық титулын сақтап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

Лас-Вегастың 20 мың адамға арналған T-Mobile аренасында өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. GGG басынан-ақ жинақы әрекет ете бастады, ал "Канело" қорғаныстан бастады. Екінші раундта екі боксшы бір-біріне белсенді түрде дәл соққы жасай алды. 

Айта кетейік, әрбір соққы жасалған сайын трибунада отырғандардың айғайы естіліп тұрды. Үшінші раундтың басында Головкин бар күшін салып, мексикалыққа бірден бірнеше соққы жасады. Кейін қазақстандық боксшы бәсеңдеді, дегенмен де Головкин бірінші болып әрекет жасап отырды. "Канело" да қалыспай дәл соққылармен жауап берді. Ал келесі төртінші раундта Альварес белсендірек әрекет ете бастады, бірақ GGG оны қысып алып, жақсы шабуыл жасады. Бұл раундта да жеңімпаз анықталмады.


Дереккөз: Vesti.kz


17 қыркүйек 2017, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.