Атырау, 25 желтоқсан 06:52
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Әкімшілік тұтқында ұстау мерзімін ұзартуды ұсынды

2 507 рет қаралды


Қазақстанда әкімшілік тұтқында ұстау мерзімі 3 сағаттан 24 сағатқа дейін ұзартылуы мүмкін деп хабарлады әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина.

Парламент мәжілісінде "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырған Баймолдина кодекске бірқатар мәселелерді шешетін өзгерістер енгізу ұсынылып отыр.

"Оның ішінде, әкімшілік тұтқында ұстау уақытын 3 сағаттан әкімшілік қамауға алуға дейін ұласатын 24 сағатқа дейін ұзартуды ұсынып отырмыз. Бұл мәселе мәжілісте басқа заң жобаларын қараған кезде де қызу талқыланған. Енді бұны аталған заң жобасы аясында қарауға қалдырып, 24 сағатқа дейін ұзартуды шештік" деді Баймолдина.

Вице-министр бұған қоса заң жобасында мемлекеттік мекемелер, квази мемлекеттік сектор субъектілері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары құқық бұзған жағдайда лауазымды адамдарды әкімшілік жауапқа тарту қарастырылғанын да айтты.

Дереккөз: Азаттық

15 қыркүйек 2017, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.