Атырау, 22 желтоқсан 17:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Тоқаев Сенат төрағасы болып қайта сайланды

2 450 рет қаралды


Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы болып қайта сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Тоқаевты Қазақстан Президенті ұсынды. Бұл туралы Сенаттың пленарлық отырысы барысында айтты. Жабық дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттар Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады. 

Еске сала кетейік, 13 қыркүйекте Мемлекет басшысының жарлығымен Тоқаев Парламент Сенатының депутаты болып қайта сайланған еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2013 жылдың 16 қазанынан бастап Сенат төрағасы қызметін атқарған еді. Премьер-министр, сыртқы істер министрі, БҰҰ бас хатшысының орынбасары, Женевадағы БҰҰ бөлімінің бас директоры қызметтерінде болған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

14 қыркүйек 2017, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.