Атырау, 22 желтоқсан 12:17
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Сирия қарулы оппозициясының 24 өкілі Астанаға келді

1 742 рет қаралды

Бүгін елордада Сириядағы ахуалды реттеу жөніндегі Астана процесінің алтыншы раунды өз жұмысын бастайды. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. 

«Күні кеше ғана Қазақстан астанасына оған қатысушы барлық тарап келді. Ресей делегациясына РФ Президентінің Сирия мәселелерін реттеу жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия мен Иран делегацияларына аталған елдердің Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Седат Онал мен Джабер Ансари басшылық жасайды. Сонымен қатар БҰҰ Бас хатшысының  Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура, Америкалық делегацияның басшысы - АҚШ мемлекеттік хатшысының Таяу Шығысты реттеу жөніндегі көмекшісінің міндетін атқарушы Дэвид Саттерфильд, иорданиялық делегация басшысы аталған елдің Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Науаф Уасфи Тель жиынға қатыспақ. Мұнан бөлек, сириялық қарулы оппозицияның 24 өкілетті өкілдері де келді», - деп атап өтті Сыртқы істер министрлігінен. Таратылған ақпаратқа қарағанда, бүгін және ертең Астанада кеше өткен эксперттік консультациялардың нәтижелері қаралып, бұған дейін келісілген күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес  келіссөздер өткізілмек.

Дереккөз: inform.kz

14 қыркүйек 2017, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.