Атырау, 22 желтоқсан 17:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Назарбаев Киіновтің өкілеттігін тоқтатты

1 397 рет қаралды


Ләззат Киіновтің өкілеттігі тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет Басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Кетебайұлы Киіновтің өкілеттігі тоқтатылды", - делінген Ақорданың сайтында.  

Киінов Ләззат Кетебайұлы - 1949 жылдың 7 желтоқсанында Маңғыстау облысында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын бітірген. Мұнайгаз саласында 1971 жылдан бері істеп келеді. Мұнайгаз өндірісінде кәсіби дамудың барлық сатыларын өткен, "Жетібаймұнай" МГӨБ мұнай және газ өндіру операторы, "Маңғышлақмұнайпромхим" аумақтық-өндірістік басқармасының бас инженері, "Қаражанбасстермнефть", "Комсомолмұнай" МГӨБ бастығы қызметтерін атқарған. "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, Каспий құбыр желісі консорциумында, ҚР Мұнай және газ министрлігінде басшылық қызметтер атқарды. Әртүрлі жылдарда Маңғыстау облысын басқарды. "Парасат" орденімен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл" медалімен марапатталған. 2013 жылдан бері сенатор болған. Екі мәрте Маңғыстау облысының әкімі болған.

Дереккөз: tengrinews.kz

14 қыркүйек 2017, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.